Шартарап

Қазақ анимациясы АҚШ-тағы халықаралық фестивальде жүлде алды

Сурет: ашық дереккөз

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің «KÖLEÑKE» (18+) атты анимациялық жобасы АҚШ-та өткен PFCAT (Portland Festival of Cinema, Animation & Technology) халықаралық фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Туынды хоррор-анимация жанрында «Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік үшін» жүлдесімен марапатталды. Фестиваль мамандары туындыдағы авторлық қолтаңба мен көркемдік ерекшелікті жоғары бағалады.

«KÖLEÑKE» жобасын отандық мамандардан құралған шығармашылық топ әзірледі. Сценарий авторы – Ернар Тілеубаев, қоюшы режиссері – Мақсат Аяпов, қоюшы суретшісі – Даир Жиенқұлов, атқарушы продюсері – Нұржігіт Сұлтанберді.

Бұдан бөлек, «Қазақанимацияның» фолк-хоррор жанрындағы «Su perisi» мен «Shańyraq» драмасы фестивальдің негізгі бағдарламасынан орын алды. Бұл туындылар Портленде алғаш рет шетелдік көрерменге көрсетілді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Италия мәдениет, кино және театр салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтеді.

Көп оқылғандар