Қаржы

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматтың ісі қайта қаралады

Сурет: ашық дереккөз

Елорда тұрғыны қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған 6,2 мыңнан астам адамды тартқан. Бұл әрекеттен ол 337 млн теңге табыс тапқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сот оны мүлкін тәркілемей, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Алайда Бас прокуратура бұл жазамен келіспеген. Кассациялық сот прокурордың наразылығын қарап, бұрынғы сот актілерінің күшін жойып, істі жаңа сот талқылауына жіберді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада қаржы пирамидасын құрған топ 8 жылға сотталғанын хабарлаған едік.

Көп оқылғандар