Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Қарсақбай кентінің Мәдениет үйі жаңартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет үйінің ашылу рәсіміне «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі және Қарсақбай металлургия зауытының директоры Мұрат Мәткенов, Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдин, сондай-ақ Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков қатысты.
Жобаның жалпы құны 167 млн теңгені құрады. Оның 150 млн теңгесі «Қазақстан халқына» қорының қаражатынан, 17 млн теңгесі аудандық бюджеттен бөлінді.
Жаңарту барысында мәдениет үйінің залдары мен үйірме кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Сонымен қатар аумақта көлемі 10×5 метр ашық сахна, ұлттық нақыштағы арт-киіз үй және алтыбақан орнатылды.
Жаңартылған мәдениет үйі кент тұрғындарына мәдени іс-шараларға қатысуға, шығармашылық үйірмелердің жұмысын дамытуға және жас дарындардың өнерін шыңдауға мүмкіндік береді.
Мазмұнға өту
