Сурет: Egemen Qazaqstan
Ресей Президенті Владимир Путиннің Оралға келген сәтінде әуежайда ерекше көрініс болды. Қонақты домбырашылар ансамблі мен халықаралық байқаулардың жеңімпазы Радмир Хайбуллин күтіп алды.
Әуежай терминалында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі өнер көрсетті. Олар қазақтың күмбірлеген күйлерімен мейманды қарсы алды. Сырнайшы Радмир Хайбуллин де өз өнерін тарту етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – Ресей Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясындағы алғашқы тоқтаған жері. Орал әуежайындағы қарсы алу рәсіміне жергілікті әкімдік өкілдері де қатысты.
«Біз үшін үлкен мәртебе. Домбыра – қазақтың жаны. Осы өнерімізбен қонақты қуантқымыз келді», – дейді ансамбль жетекшісі.
Владимир Путиннің сапары барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.

