Сурет: Egemen Qazaqstan
Ресей президенті Владимир Путин аймақ басшылары мен бизнестің үйлесімді әрекетінің арқасында сауда-саттықтың жанданып, өзара инвестиция ағынының ұлғайып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Ең басты нәрсені айтайын: Ресей мен Қазақстанның көлік және логистика саласында, сондай-ақ экономика мен қоғамдық өмірдің басқа да бағыттарында өзара тиімді ықпалдастықты арттыруына мүмкіндіктері мол. Осындай үйлесімді әрі ұжымдық жұмысты жалғастырса, Ресей мен Қазақстанның өңірлері екі елдің бауырлас халықтарының игілігі үшін жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі тереңдетуге елеулі үлес қосады», деді Владимир Путин.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасының түрлі саласында ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан аса кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатқанын айтты. Пленарлық отырыста Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенко, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйледі.
Мазмұнға өту
