Әлем

Путин Қазақстанға келеді: жолбарысты қайта жерсіндіру мәселесі көтеріледі

Сурет: Ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары кезінде жолбарысты қайта жерсіндіру бастамасы талқыланады. Бұл – екі ел арасындағы экологиялық ынтымақтастықтың маңызды қадамы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру жобасы бірнеше жыл бұрын басталған. Қазіргі таңда Іле-Балқаш өңірінде тұяқты жануарлар саны артып, жолбарысқа қолайлы жағдай жасалуда.

Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтап қана қоймай, экотуризмді дамытуға да серпін береді.

Көп оқылғандар