Президент Тоқаев Трамптың бастамасын қолдап, 18 елмен бірге Бейбітшілік кеңесіне қосылды

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қол қою рәсіміне Қазақстаннан бөлек тағы 18 мемлекеттің басшылары мен жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Бұл бастама жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталғаны айтылады.

Қазақстанның бұл қадамға баруы – елдің бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастықты қолдауға бағытталған сыртқы саяси бағытының айқын көрінісі. Еліміз бұған дейін де ядролық қарудан бас тарту, медиация және жаһандық диалог алаңдарын құру сияқты көптеген бейбіт бастаманың ұйытқысы болған.

Ақорданың хабарлауынша, құжатқа қол қойғандар арасында тек мемлекет басшылары ғана емес, сонымен қатар түрлі елдердің жоғары лауазымды тұлғалары да бар. Бұл кеңестің халықаралық деңгейде кең қолдауға ие екенін көрсетеді.

Фото: Ақорда

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…