Сурет: Aikyn.kz
Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде қоғамның қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақша мазмұнды байыту және жаңа технологиялар арқылы тілдің қолданыс аясын кеңейту бағыттарындағы жобалары таныстырылды.
Рауан Кенжеханұлы OpenAI компаниясымен бірлескен жоба шеңберінде көлемі 14 миллиард токен мәтін корпусы жасалып, 12 мың сағат аудиожазба жиналғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тілінде дыбысталып, үлкен экранға шыққан. Қоғам төрағасы Президентке Qazaq Tili Endowment қорының жұмысы туралы баяндап, қорға түскен жарна көлемі 824 миллион теңгеге жеткенін айтты.
Мемлекет басшысы қоғам қызметіне жоғары баға беріп, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. Президент мемлекеттік тілді үйрету мен ғылыми шығармаларды аудару ісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін атап өтті.
Мазмұнға өту
