Президент Аида Балаеваға мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясатты күшейту жөнінде тапсырма берді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Президентке мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін іске асыру барысы, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары баяндалды.

Министр заңнаманы жаңа Ата заңға сәйкестендіру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, цифрлық кеңістікті дамыту, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бақылау салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ жаңа білім, ғылыми-ағартушылық және шығармашылық нысандарын құру, дәстүрлі өнерді қолдау мен білікті маман даярлау бағыттарында еліміздің мәдени инфрақұрылымын жандандыру жөніндегі ұсыныстарды жеткізді. Мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Премьер-министрдің орынбасары білім, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын дамыту жайында баяндады.

Ведомствоаралық ықпалдастықты күшейтуге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, адами капиталды дамытуға, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге және әлеуметтік сала инфрақұрылымын қалыптастыруға ерекше мән берілді.

Мемлекет басшысы мәдениет, ақпарат және әлеуметтік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Беларусь президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

«Қазселденқорғау» үш облыста сел қаупі туралы ескертті

«Қазселденқорғау» үш облыста сел қаупі туралы ескертті. 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының…

Астанадағы көпқабатты үйдегі спа-салонда өрт болды

Астанада 12 қабатты тұрғын үйде орналасқан спа-орталықта өрт шықты. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды уақытында ауыздықтады.