Спорт

Польшада Қазақстан әнұраны 10 рет шырқалды: боксшылардың жетістігі

Сурет: Спорт комитеті

23-29 тамыз аралығында Польшаның Гливиция қаласында өткен «Silesian open» халықаралық турнирінде Қазақстан қыздар командасы 10 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Жарысқа 18 мемлекеттен 200 спортшы қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алтын медаль иеленген спортшылар: Нұрайым Құдайберген (52 келі), Балым Ғабитқызы (60 келі), Мадина Нурманова (63 келі), Аяулым Оспанова (70 келі), Мадира Жұмахан (51 келі), Жанель Имантаева (54 келі), Камила Оспанова (70 келі), Алтынгүл Аймұхан (75 келі), Зарина Толыбай (+80 келі).

Күміс жүлдені Ақнұр Тұрсынғали (60 келі) және Айдана Убайдуллақызы (80 келі) иеленді. Қола медальдар Марал Төлепберген (54 келі) мен Рамина Махановаға (57 келі) бұйырды.

Көп оқылғандар