Әлем

Парагвай сенаторы Мбаппеге тіл тигізгені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сурет: FIFA

Әлем чемпионаты қарсаңында Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге қатысты нәсілшілдік сипаттағы мәлімдеме жасаған Парагвай сенаторы Селеста Амарильяға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, сенатордың әлеуметтік желідегі жазбалары нәсілдік кемсітушілік пен өшпенділікті қоздыру белгілеріне байланысты тексеріліп жатыр.

Егер оған ресми айып тағылса, Селеста Амарилья бір жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 45 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Әлем біріншілігінің 1/8 финалында Франция Парагвай құрамасын 1:0 есебімен жеңгеннен кейін сенатор әлеуметтік желідегі парақшасында нәсілшілдік сипаттағы жазба жариялап, француздық шабуылшыны кемсіткен болатын. Ол Мбаппенің ойындағы әрекетін қарсыласқа құрметсіздік ретінде бағалап, көпшілік алдында кешірім сұрауды талап еткен еді.

Көп оқылғандар