Әлем

Пәкістан Қазақстанға өз порттарын пайдалануды ұсынды

Сурет: Карачи порты/istockphoto.com

Пәкістан Қазақстанға теңіз порттарының инфрақұрылымын пайдалануға рұқсат беріп, отандық тауарларды Карачи, Порт-Касим және Гвадар порттары арқылы транзиттеуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Пәкістанның теңіз істері жөніндегі федералдық министрі Мұхаммад Джунайд Анвар Чаудри Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ержан Қыстафинмен кездесуде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, тараптар еркін экономикалық аймақтарда бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін де қарастыруда. Сонымен қатар Пәкістан Қазақстанмен порт инфрақұрылымы, теңіз тасымалы, сауда рәсімдерін жеңілдету және өңірлік көлік байланысын дамыту саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті.

«Пәкістанның теңіз порттары Қазақстан мен жалпы Орталық Азия үшін Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шығатын маңызды транзиттік хабқа айнала алады», – деді Мұхаммад Джунайд Анвар Чаудри.

Қазақстан елшісі Ержан Қыстафин теңіз тасымалы мен порт инфрақұрылымы саласындағы өзара іс-қимыл екі ел арасындағы сауда байланысын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

Көп оқылғандар