Categories Қаржы

«Отбасы банк» мамырдағы төлем кестесін жариялады: мерзімін өткізіп алмаңыз

«Отбасы банк» мамыр айындағы мереке күндеріне байланысты депозит толықтыру және несие өтеу операцияларының кестесін жариялады. Егер төлеміңізді дер кезінде жасамасаңыз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мереке күндері банк серіктес жүйелері арқылы жасалатын операциялардың есептелу уақыты өзгереді. Банк клиенттерге төлемдерді алдын ала жасауды ұсынады.

«Мамыр айындағы мерекелерге байланысты депозиттерді толықтыру және несиелерді өтеу бойынша қаражаттың есептелу кестесі өзгереді. Клиенттеріміздің ыңғайсыздыққа ұшырамауы үшін төлемдерді уақытында жасауды сұраймыз», — делінген банк хабарламасында.

Нақты кесте банктің ресми сайтында және мобильді қосымшасында жарияланған. Төлемдерді уақытында жасап, айыппұлдан сақтану үшін кестені алдын ала қарап алуға кеңес беріледі.

Ұқсас жазбалар

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгереді: жаңа есептеу қалай жүреді?

Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың минималды жеткілікті шегін анықтау әдістемесін қайта қарап, жаңа…

Футболдан әлем чемпионаты: жүлде қоры 871 млн долларға жетті

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының жүлде қорын 871 миллион долларға дейін ұлғайтты. Әр құрама кемінде…

Ескі 2000 теңгеліктер қашанға дейін жарамды: биыл жазда айналымнан алынады

Ескі 2000 теңгелік банкноттар биыл жазда айналымнан алынады. Ұлттық Банк оларды жаңа үлгіге ауыстыру мерзімін…