Categories Қаржы

Ормұз бұғазындағы қауіп мұнай бағасын көтерді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мұнай бағасы қайта өсе бастады. Бұған Ормұз бұғазындағы кеме қатынасына төнген жаңа қауіптер себеп болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұғаз маңында екі кеме шабуылға ұшыраған. Алдын ала болжам бойынша, соққылар Иран тарапынан жасалған болуы мүмкін. Бұл оқиға әлемдегі мұнай тасымалының негізгі бағыттарының бірінің қауіпсіздігіне алаңдаушылық тудырды.

Осы жағдайға байланысты Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне шамамен 73 долларға дейін көтерілді. Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың құны 69,5 долларға жетті.

Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының одан әрі өсуіне әлемдік нарықтағы ұсыныстың артуы кедергі келтіруі мүмкін. Маусым айында Біріккен Араб Әмірліктері мұнай өндіру көлемін рекордтық деңгейге дейін ұлғайтты. Сондай-ақ ОПЕК+ елдері тамыз айынан бастап мұнай өндірісін арттыруға келіскен.

Ұқсас жазбалар

Қытайда шығарылған Toyota Corolla Қазақстан нарығына келді

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие Toyota маркасының Қытайда құрастырылған Corolla 1.8 Hybrid моделі сатылымға шықты.

Транскаспий бағытында жүк тасымалы 3,5 есе өсті: 2029 жылға қарай 300 мың ЖФБ-ға жеткізу жоспарлануда

Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалы 3,5 есе өсті. 2029 жылға…

Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Қаржы министрлігі темекінің ең төменгі бағасын көтеру жобасын талқылауға ұсынды. Қазір бір қорап темекі 970…