Жайық news

Оралда түнгі кафе қызметі тоқтатылды

Сурет: Жайық Пресс

Орал қаласының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті талдау барысында жүйелі түрде құқықбұзушылық орын алатын ойын-сауық орындарын анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Солардың бірі — Жеңіс шағын ауданында орналасқан, таңғы 06:00-ге дейін жұмыс істеген кафе. Ағымдағы жылдың басынан бері түнгі және таңғы уақытта «102» арнасына осы мекемедегі оқиғаларға қатысты шамамен 70 қоңырау түскен. Мұнда 10 қылмыс тіркеліп, бірқатар әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Осы жағдайды ескеріп, Орал қалалық полиция басқармасы уәкілетті органдарға бірлескен тексеру жүргізу туралы ұсыныс жолдады.

Тексеруге қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері қатысты. Нәтижесінде заңнаманы бұзушылықтар анықталып, кафе қызметі тоқтатылды.

Полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жүйелі түрде жалғастырады.

Көп оқылғандар