Сурет: istockphoto.com
Орал әуежайында балағат сөздер айтқан 52 жастағы шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ыстамбұл – Орал бағытындағы рейспен келген шетел азаматы паспорттық бақылау залында шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Полиция қызметкерлері оны кезекші бөлімге жеткізді.
«Ер адамға ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шетелдік азаматты құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салды», делінген полиция хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Астана әуежайында тәртіп бұзған шетел азаматы рейстен түсірілген болатын.
