Сурет: istockphoto.com
Әлемдік биржалардағы сауда қорытындысы бойынша WTI маркалы мұнай 5,95%-ға арзандап, баррелі 79,63 доллар болды. Ал Brent маркалы мұнай 5,20%-ға төмендеп, баррелі 83,36 долларға бағаланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Urals маркалы мұнайдың құны шамалы өзгеріп, 0,97%-ға төмендеп, барреліне 84,56 долларды құрады.
Бағаның төмендеуіне ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіруді ұлғайту туралы шешімі себеп болды. Альянсқа мүше жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан, Сауд Арабиясы және Ресей 2026 жылдың қыркүйегінен бастап тәулігіне мұнай өндірісін 188 мың баррельге арттыруға келісті. Бұл шешім әлемдік мұнай нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай нарығына геосаяси факторлар да әсер етуде. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 3 тамызда Тегеранмен Ормұз бұғазындағы кеме қатынасы мен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер болатынын мәлімдеген еді.
Мазмұнға өту
