Сурет: Canva
Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей және басқа да ОПЕК+ елдері 2026 жылдың қыркүйегінен бастап мұнай өндіруді тәулігіне 188 мың баррельге ұлғайту туралы келісімге келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ОПЕК баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешім 2 тамызда ұйымға мүше 7 ел өкілдерінің онлайн кездесуінде қабылданды. Бұл қадам әлемдік нарықтағы тұрақтылықты сақтауға және бұрынғы артық өндірісті өтеу міндеттемелерін жеделдетуге бағытталған.
Тараптар Ынтымақтастық туралы декларацияға адалдықтарын растады. Бұл талаптардың орындалуын Бірлескен министрлік мониторинг комитеті (JMMC) бақылайды.
Комитет отырысында халықаралық теңіз жолдарының қауіпсіздігі мен энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылдар талқыланды. Қатысушылар мұндай қауіптер жеткізу көлеміне кері әсер етіп, нарықтағы құбылмалылықты арттыратынына алаңдаушылық білдірді.
ОПЕК+ елдерінің келесі отырысы 2026 жылдың 6 қыркүйегіне жоспарланған.
Мазмұнға өту
