Сурет: istockphoto.com
ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге көбейту туралы келісімге келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мәлімдемеге сәйкес, Қазақстанның тамыз айындағы мұнай өндіру квотасы тәулігіне 1,618 млн баррельді құрайды. Бұл 2023 жылы мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту жөнінде міндеттеме алған ОПЕК+ елдеріне қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман бар.

