Премьер-министр Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіп саласындағы тәсілдерді қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы үкімет отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бектеновтің айтуынша, қазіргі жеңіл өнеркәсіптің даму қарқыны төмен. Салада импортқа тәуелділік жоғары, ал жергілікті өндірушілер бәсекеге шыдай алмай отыр.
«Бізге жеңіл өнеркәсіпті көтеру үшін түбегейлі жаңа шешімдер қажет. Ескі әдістермен алға жылжу мүмкін емес», — деді премьер-министр.
Министрліктерге бір ай ішінде саланы дамытудың нақты жоспарын әзірлеу тапсырылды. Жаңа тәсілдерге жеңілдіктер мен субсидияларды қайта қарау, сондай-ақ өндіріске инновацияларды енгізу кіреді.

