Сурет: Ашық дереккөз
Өткен жылы Қазақстанның медициналық мекемелері 80 мыңға жуық шетелдік азаматқа қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның басты артықшылығы – сапалы медициналық көмекті қолжетімді бағамен ұсыну. Қазіргі уақытта елімізде халықаралық стандарттарға сай келетін медициналық ұйымдар жұмыс істейді. Оның ішінде 10 мекеме JCI аккредитациясынан өткен.
Медициналық туризмді дамыту үшін Туризм және спорт министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын әзірлеп жатыр. Құжатта отандық медициналық қызметтерді шетелде ілгерілету, инфрақұрылымды жақсарту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту шаралары қамтылған.

