Categories Жайық news

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты 

Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын тағылымы мол мерекемен құттықтады.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақтанышы әрі абыройы.

Тұғырлы Туымыз, еңселі Елтаңбамыз, айбарлы Әнұранымыз — мемлекетіміздің мызғымас үштағаны. Тәуелсіздігіміздің символы саналатын нышандарды ардақтау – әрбір қазақстандықтың қастерлі міндеті. Құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беріп, келешекте де ел игілігі жолында жұдырықтай жұмылайық, — деді облыс әкімі.

Мерекелік шараға 2 мыңға жуық адам қатысты. Патриоттық әндер әуелеп, Мемлекеттік ту көтерілді. Аймақ басшысы өңірдің өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, Мемлекеттік ту көтеру рәсімдері өңірдің барлық ауданында ұйымдастырылды.

 

 

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.