Сурет: Egemen Qazaqstan
Әлемдегі ең ірі мемлекеттік зейнетақы қорының инвестициялық кірістілігі 9,4 пайызды құрады. Қор басшысы Николай Тангеннің айтуынша, өсімге негізінен акциялардың қымбаттауы, әсіресе Азиядағы технологиялық компаниялар бағасының өсуі әсер еткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қор қазіргі таңда жалпы көлемі 2,3 трлн доллар болатын активтерді басқарады. Норвегияның мұнай-газ саласынан түсетін кірісі әлемнің түкпір-түкпіріндегі акцияларға, жылжымайтын мүлікке және энергетикалық жобаларға инвестицияланады. Оның негізгі мақсаты – мұнай дәуірі аяқталғаннан кейінгі кезеңде елдің қаржысын болашақ ұрпақ үшін сақтау.
Бірінші тоқсанда америкалық технологиялық компаниялар акцияларының құлдырауына байланысты қордың акцияларға салған инвестициялары 2,3 пайызға төмендеді. Ал екінші тоқсанда қор керісінше 16 пайыздық өсім көрсетті.
Қазіргі уақытта қор әлем бойынша 7,1 мың компанияның акцияларына иелік етеді.
Мазмұнға өту
