Сурет: vietnam.vn
Норвегияның сыртқы істер министрі Эспен Барт Эйде АҚШ президенті Дональд Трамптың Нобель Бейбітшілік сыйлығына қатысты сынына жауап қайтарды. Министрлік Нобель комитетінің тәуелсіз орган екенін атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Ол Нобель комитетінің тәуелсіз екенін жақсы біледі. Біз осыны тағы да еске салдық», деді Эйде Норвегияның NRK телеарнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін Дональд Трамп Нобель Бейбітшілік сыйлығын алмағанына тағы да наразылық білдіріп, Норвегияны «қоқыс орны» деп атаған.
Норвегияның Нобель комитеті 2026 жылғы Бейбітшілік сыйлығын Оңтүстік Африка Республикасынан шыққан заңгер әрі құқық қорғаушы Наванетхем (Нави) Пиллэйге берді. Ол 2008-2014 жылдары БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарған.
Комитет Пиллэйді бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық құқық нормаларын орнықтыруға қосқан үлесі үшін марапаттаған.
Мазмұнға өту
