Сурет: Anadolu Ajansı
Нидерланд үкіметі ұзаққа созылған құрғақшылық, аптап ыстық және Рейн мен Маас өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты елде «нақты су тапшылығы» режимін енгізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Билік өкілдерінің мәліметінше, ел су ресурстарын басқару жүйесінің екінші деңгейіне өтті. Бұл деңгей «нақты су тапшылығы» режимін енгізуді көздейді. Мұндай шешімге ұзаққа созылған құрғақшылық, ыстық ауа райы және шілде айына тән емес Рейн мен Маас өзендеріндегі су деңгейінің айтарлықтай төмендеуі себеп болған.
Енді су ресурстарын басқару күшейтілген бақылау режимінде жүзеге асырылады. Қазіргі жағдайдың халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге әсер етпейтіні атап өтілді. Дегенмен тұрғындарға суды үнемдеп пайдалану және орынсыз ысырап етуден бас тарту ұсынылды.
Үкіметтің ескертуінше, егер жауын-шашын аз болып, ыстық ауа райы сақталса, құрғақшылық кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Елдің шығысындағы Неймеген қаласы маңында өзендер мен су арналарының деңгейі сындарлы деңгейге дейін түскені хабарланды.
Айта кетейік, Нидерландта аптап ыстықтан өлім-жітім жиіледі.
Мазмұнға өту
