Әлем

Непалда су тасқынынан жоғалған әйел 10 күннен кейін тірі табылды

Сурет: Report

Непалда құтқарушылар 26 тамыздағы су тасқыны кезінде із-түзсіз жоғалған әйелді тірі күйінде тауып алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің отбасы оны қайтыс болды деп есептеп, аза тұту рәсімін бастап кеткен еді.

Чандики Кумари Шреста 10 күн бойы су мен лай арасында, тасқыннан қираған үйінде пайда болған тар ауа қалтасында аман қалған.

«Төрт қабатты үйді су тасқыны шайып әкетіп, ғимарат сусымалы құмның ортасында қалып қойған. Біз үйді айналып жүріп, кенеттен: «Мені құтқарыңдар» деген дауысты естідік», деді агенттікке полиция қызметкері Махендра Дарнал.

Оның айтуынша, әйелді 45 минуттан кейін алып шығып, ауруханаға жеткізген.

26 тамызда Лангтанг-Лирунг тауында мұздықтың опырылуы салдарынан су тасқыны болған. Апаттан 1,3 мыңнан астам адам қаза тапты, тағы 5 мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. 13 мыңнан астам адам, оның ішінде 274 шетелдік азамат, құтқарылды.

Айта кетейік, елдегі құтқарушылар су тасқынынан 10 күн өткеннен кейін екі адамды тірі күйінде тапты. Олардың бірі ер адам, екіншісі – әйел.

Көп оқылғандар