Сурет: Kyodo
Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 680-нен асты, із-түзсіз жоғалғандар саны 3 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Kyodo News деректеріне сүйенсек, Непалда 2420-дан астам, ал Қытайда 550-ден астам адам із-түзсіз жоғалған.
Апат кезінде шекара маңында пайда болған табиғи бөгеттің бұзылуы жаңа су тасқынын тудыруы мүмкін деген қауіп артып отыр.
Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының мәліметінше, табиғи апаттан шамамен 93 мың адам зардап шегіп, көмекке мұқтаж.
Бұған дейін 29 тамыз сағат 16:00-дегі жағдай бойынша құтқарушылар 669 адамның денесін тауып, жарақат алған 2301 адамды құтқарған болатын.
Табиғи апат 26 тамызда болды. Непал билігі алдымен 17 адам қаза тапқанын хабарлаған еді.
