Әлем

Мысырда жолаушылар автобусы аударылып, 22 адам қаза тапты

Сурет: ашық дереккөзден

Мысырдың оңтүстігінде жолаушылар автобусы аударылып, 22 адам қаза тапты. Тағы 28 жолаушы түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус Каирден Нувейба портына қарай бет алған. Жолаушылар порттан әрі қарай Иорданияға баруды жоспарлаған.

Оқиға кезінде автобустың дөңгелегі жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан автобус жолдан шығып, аударылған.

Апат орнына құтқару жұмыстарына 25 жедел жәрдем көлігі мен ауыр техника жіберілді. Төтенше жағдай қызметтері зардап шеккендерге көмек көрсетіп, құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Автобус көлігіне қатысты біздің елде де оқыс оқиғалар орын алған болатын. Степногорскте жолаушылар мінген автобус түгі қалмай өртеніп кетті. Алматыда автобус қағып кеткен әйел оқиға орнында көз жұмған еді.

Көп оқылғандар