Сурет: Egemen Qazaqstan
Мьянмадағы алаяқтық колл-орталықтарынан соңғы жылдары 49 Қазақстан азаматы босатылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, адам саудасының құрбаны болған азаматтарды елге қайтару жұмыстары аясында соңғы бірнеше жылда жалпы 61 Қазақстан азаматы оралған.
«Қазақстанға, біздің дипломатиялық өкілдіктерімізге тек Қазақстан азаматтарын ғана емес, сондай-ақ дәл осындай жағдайға тап болған Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтарын да босатуға мүмкіндік туды», – деді Станислав Василенко.
Дипломаттың айтуынша, Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің көмегімен Лаос пен Камбоджада болған қазақстандықтарды да елге қайтару мүмкін болды. Өйткені бұл мемлекеттерде Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жоқ.
Мазмұнға өту
