Ақорда

Мирас Төлебаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Үкімет қаулысымен Мирас Қалиұлы Төлебаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мирас Төлебаев 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ-да бас маман болып бастаған. Кейін әр жылдары әртүрлі министрліктер мен комитеттерде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы және төраға орынбасары қызметтерін атқарған.

2023-2025 жылдары ҚР туризм және спорт министрінің орынбасары болған. 2025 жылдың сәуірінен бастап жеке құрылымдарда басшылық қызметтерде істеген.

Көп оқылғандар