Сурет: Depositphotos.com
Microsoft компаниясы жасанды интеллект саласына қаржыны көбейту үшін шамамен 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан шығуды ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сан компанияның әлем бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерінің шамамен төрттен бір бөлігін құрайды. CBS News мәліметінше, ұсыныс Канада, Үндістан, Ұлыбритания және АҚШ-тағы қызметкерлерге арналған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында жарияланды және орта буын қызметкерлеріне қолжетімді.
«Бұл ұсыныс компаниядан кетуді жоспарлап жүрген қызметкерлерге тиісті қолдау алып, жаңа кезеңге өтуіне мүмкіндік береді», деді Microsoft компаниясының кадрлар жөніндегі директоры Эми Коулман.
Бұған дейін жарияланған мәліметтерге сәйкес, компания жыл соңына дейін жасанды интеллект инфрақұрылымына, соның ішінде деректерді өңдеу орталықтарына инвестиция салуға 175 млрд доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Маусым айының соңындағы мәлімет бойынша, Microsoft-тың әлем бойынша қызметкерлер саны 223 мың адамды құраған.
Бұл – Microsoft-тың 2026 жылы қызметкерлерге өз еркімен жұмыстан шығу үшін өтемақы ұсынуының екінші жағдайы. Мамыр айында компания АҚШ-тағы шамамен 8 750 қызметкеріне акцияларды кері сатып алу бағдарламасын ұсынған. Ал шілде айында Microsoft 4 800 жұмыс орнын қысқартатынын жариялады, олардың қатарында Xbox бейнеойындарын әзірлеу бөлімінің қызметкерлері де бар.
Айта кетейік, АҚШ Еңбек министрлігі Microsoft корпорациясының, Adobe компаниясының және әлемдегі 6 ірі IT-аутсорсинг компаниясының грин-карта рәсімдеуге арналған негізгі мемлекеттік бағдарламаға (PERM) қатысуын толық тоқтатты.
Мазмұнға өту
