Мамыр айындағы мерекелер кезінде жолаушылар саны артады. Осыған байланысты ұлттық тасымалдаушы пойыздарға қосымша вагондар тіркейді. Қосымша құрамдар 6-11 мамыр аралығында қатынайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шара жолаушылардың көптігіне байланысты қабылданып отыр. Әсіресе, Орал мен басқа да ірі қалалар арасындағы бағыттарға сұраныс жоғары. Тасымалдаушы компания қосымша вагондарды негізгі пойыздарға тіркейді.
Жолаушылар билеттерді алдын ала сатып алуға кеңес беріледі. Қосымша вагондардың нақты бағыттары мен кестесін теміржол вокзалдарынан немесе ресми сайттан білуге болады.

