Сурет: ашық дереккөз
Биыл сәуірде іске қосылған eGov GPT интеллектуалды цифрлық ассистентінің мүмкіндіктері кеңейіп келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сервис азаматтарға өмірлік жағдайды мәтіндік сипаттау арқылы қызмет алуға мүмкіндік береді, яғни нысандар мен анықтамаларды өздігінен іздеудің қажеті жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
«Бүгінде eGov GPT-де жалпы трафиктің шамамен 30%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 50 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Азаматтар eGov GPT мүмкіндіктерін 150 мыңнан астам рет қолданып үлгерді. Ол мемлекет пен азаматтар арасындағы барлық мәселелер бойынша әмбебап AI-ассистентке айналуға тиіс», деді вице-премьер.
Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында тұрғанын айта кеткен жөн.
Елімізде QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды. Сондай-ақ, енді ХҚКО-лар ЖИ көмегімен кезексіз қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, бүгін Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев нотариус қызметіне ЖИ және биометриялық сәйкестендіру енгізілетіні туралы мәлімдеді.
Мазмұнға өту
