Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда салық заңнамасын бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдардың бәрі рақымшылыққа ілікпейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Заң басқармасының басшысы Диас Ахметов түсіндірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы министрлігі жүргізетін әкімшілік рақымшылық шамамен 2 370 азаматқа қатысты болып, жалпы сомасы 298,4 млн теңге айыппұлды қамтиды.
Бұған дейін комитет кейбір салық құқық бұзушылықтарына рақымшылық қолданылмайтынын хабарлаған. Диас Ахметовтің айтуынша, мемлекеттік кірістер органдары қарайтын кейбір баптар бойынша айыппұлдар бұрынғы рақымшылық аясында есептен шығарылған.
«Бұл баптар бойынша рақымшылық қайта жүргізілмейді. Өйткені бұған дейін жеңілдік алғандар мен басқа салық төлеушілердің құқықтары тең болуы тиіс», деді ол.
Экономикаға елеулі залал келтіретін құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдар да рақымшылыққа жатпайды. Атап айтқанда, салық салу объектілерін жасыру және салық міндеттемелерін орындаудан жалтару сияқты әрекеттер есептен шығарылмайды.
Мазмұнға өту
