Басты тақырып

Мемлекет басшысы Моңғолия Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

Сурет: Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ ол Моңғолия Президентіне мемлекеттік қызметінде табыс, ал моңғол халқына бақ-береке тіледі.

Биыл Моңғолияда Наадам мерекесі 10–17 шілде аралығында өтеді. Ел Үкіметі бұл туралы шешімді 4 маусым күні қабылдады. Демалыс күндері 10 шілдеде басталып, сегіз күнге созылады. Бұл шешім азаматтардың ұсыныстары мен өтініштеріне сай қабылданған. Мақсат – мерекені кең көлемде атап өтуге мүмкіндік беру, ішкі туризмді қолдау және жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау.

Наадам – Моңғолиядағы ең ірі әрі маңызды ұлттық мереке. Оның атауы «ойын-сауық» немесе «ойындар» деген мағына береді. Бұл мереке ежелден бері моңғол халқының тәуелсіздігі мен бірлігінің символы ретінде тойланып келеді.

Көп оқылғандар