Басты тақырып

Мемлекет басшысы Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.

Көп оқылғандар