Сурет: Egemen Qazaqstan
Мажарстан премьер-министрі Петер Мадьяр елдегі сайлау жасын 16 жасқа дейін төмендетуді ұсынып, бұл норманы жаңа Конституцияға енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, жаңа Конституцияны әзірлеу жұмыстары алдағы бір жыл ішінде жүргізіледі. Петер Мадьяр қазіргі жастардың саясат пен қоғамдық өмірге деген қызығушылығы артқанын атап өтті. Сондай-ақ ол 18 жасқа толмаған көптеген жасөспірімнің мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша шешім қабылдауға жеткілікті деңгейде хабардар екенін айтты.
«Менің ойымша, бүгінде 18 жасқа толмаған жастардың басым бөлігі ортақ шешімдер қабылдауға жеткілікті дайын әрі ақпараттанған. Сондықтан жаңа Конституцияны әзірлеу барысында сайлау жасын 16 жасқа дейін төмендетуді қолдар едім», деп жазды премьер-министр.
Бұл бастама Мажарстанда талқыланып жатқан конституциялық реформаның бір бөлігіне айналуы мүмкін.
Мазмұнға өту
