Сурет: Report
Соңғы 30 сағатта Испанияның Сеута қаласынан Мароккоға шамамен 69,5 мың мигрант қайтып оралды. Бұл кезде Тарахаль шекаралық толқын сындырғышында қорғаныс бөгеттерін орнату жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, бұл көрсеткішке Сеутаға соңғы жаппай көші-қон толқыны кезінде келгендер ғана емес, бұған дейін қалада болған мигранттар да кіруі мүмкін.
Полиция мигранттардың бір бөлігі кеше күні бойы шекараны екі бағытта бірнеше рет кесіп өткен болуы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Сондықтан нақты адамдар саны жарияланған көрсеткіштен аз болуы мүмкін.
Франция Испаниямен шекарадағы бақылауды күшейтті.
Өткен аптада Испанияның Сеута анклавына Мароккодан мигранттардың жаппай ағылуы басталды. Африканың солтүстік жағалауында орналасқан әрі Испанияның автономиялық қаласы мәртебесіне ие Сеута көп жылдан бері Еуропаға заңсыз көші-қонның негізгі бағыттарының бірі.
Заңсыз мигранттар ағынын тежеу үшін Мароккомен құрлықтағы шекара бойына тікенекті сыммен және өзге де қорғаныс құрылғыларымен жабдықталған биік қоршау салынған. Мигранттар қауіпсіздік шараларының күшейтілгеніне қарамастан, ара-тұра шекаралық бөгеттерден өтіп, Испания анклавының аумағына кіріп кетіп жүр.
Мазмұнға өту
