Сурет: Видеодан алынған скрин
Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудың бірегей жартасты мешіттерін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жұмыстарын бастауды тапсырған еді. Осы уақыт ішінде номинациялық материалдарды дайындау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Ғылыми негіздемелер әзірленіп, құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелер пысықталды. Өткен жылы ЮНЕСКО-ның бағалау миссиясы Қазақстанға келсе, жақында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар орталығы мен ICOMOS-тың техникалық қорытындылары алынды.
Кеше Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-сессиясы басталды. 29 шілдеге дейін жалғасатын жиынға Конвенцияға қатысушы 196 мемлекеттен үш мыңға жуық делегат, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қатысуда.
Алдағы он күнде Комитет тізімге енгізуге ұсынылған 30 жаңа номинацияны қарайды. Оның ішінде Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және олармен байланысты киелі орындар» номинациясы да бар. Қариннің айтуынша, бұл номинация бойынша оң шешім еліміз үшін маңызды оқиға болмақ.
Мазмұнға өту
