Сурет: Jas Qazaq
Қазақстан 22 жыл ішінде алғаш рет ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне жаңа нысанды енгізу мүмкіндігіне ие болды. Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан Әлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында «Маңғыстаудың жартас мешіттері және олармен байланысты киелі орындар» ұлттық номинациясы қаралады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин мәлімдеді. 48-сессия жұмысы алдағы күндері жалғасады.
Мазмұнға өту
