Спорт

Максим Балабин Қытайдағы жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сурет: ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Балабин Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол сырықпен секіруде 5.05 метр нәтиже көрсетіп, үшінші орынды иеленді. Алтын медальді қатарлық Сейфелдин Абдельсалам 5.45 метр нәтижемен жеңіп алса, қытайлық Жуй Лю 5.20 метр көрсеткішпен екінші орынға тұрақтады.

Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Мария Шувалова төртінші, Анна Шумило алтыншы болды. Ал 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Екатерина Колода бесінші, Анастасия Цвиркунова алтыншы орын алды.

Азия чемпионаты 12 шілдеде аяқталады.

Көп оқылғандар