Қаржы

Майрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді: жаңа кесте жарияланды

Биылғы мамыр айындағы мерекелерде ХҚКО-лардың жұмыс режимі өзгереді. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы жаңа кестені бекітті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

1 және 7 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мен Отан қорғаушы күніне орай демалыс. Осы күндері ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Ал 8 мамыр – қысқартылған жұмыс күні, яғни кеңселер бір сағат ерте жабылады.

«Мереке алдындағы күні біз клиенттерді қабылдауды кесте бойынша азайтамыз. Қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін алдын ала жоспарлауға кеңес береміз», – деді корпорация өкілі.

9, 10 және 11 мамыр – толық демалыс күндері. 12 мамырдан бастап ХҚКО-лар әдеттегі режимге көшеді. Елорда мен өңірлердегі кесте бірдей, бірақ нақты уақытты жергілікті бөлімшелерден білуге болады.

Көп оқылғандар