Сурет: Jas Qazaq
Люксембургтік жүк тасымалдаушы Cargolux Airlines 1 маусымнан бастап Астана халықаралық әуежайы арқылы ұшуларды жалғастырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Авиакомпания бұған дейін де елімізге жүк тасымалдаған еді, бірақ пандемия кезінде рейстер тоқтатылған болатын. Енді компания қайта жұмысын жандандырып, жүк ағындарын арттыруды көздейді.
Cargolux – әлемдегі ең ірі жүк тасымалдаушылардың бірі. Оның Қазақстанға қайта оралуы транзиттік әлеуетті күшейтіп, логистикалық байланыстарды нығайтады. Астана әуежайы компания үшін маңызды хабқа айналуы мүмкін.

