Сурет: Egemen Qazaqstan
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён алыпсатарлыққа қарсы саясат аясында өзінің жалғыз пәтерін сатты. Бұл туралы The Korea Herald басылымы хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің Сонам қаласындағы беделді ауданда орналасқан пәтерін сату мәмілесі жақын арада толық рәсімделеді. Қазіргі уақытта президент жұбайымен бірге Сеулдегі ресми резиденцияда тұрады.
Үкімет отырысында мемлекет басшысы: «Енді менің үйім жоқ», – деді.
Ли Чжэ Мён бұл пәтерін биылғы ақпанда сатылымға қойған. Сол кезде ол тұрғын үй нарығын тұрақтандыру және алыпсатарлықтың алдын алу үшін салық және қаржы саясатын қайта қарауға ниетті екенін айтқан.
Мазмұнға өту
