Сурет: Ашық дереккөз
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетін жұқтырудың расталған жағдайлары 2 011-ге жетті. Бір тәулік ішінде ауру жұқтырғандар саны 20 адамға көбейген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елдің Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары істері жөніндегі министрлігінің күнделікті бюллетеніндегі мәліметтерге сәйкес, қауіпті дерттен көз жұмғандар саны 754 адамға жеткен. Қазіргі таңда бұл аурудан өлім-жітім көрсеткіші 23,4%-ды құрап отыр.
Бүгінгі таңда емханалар мен арнайы медициналық оқшаулау орындарында 376 пациент ем алып жатыр. Жарияланған ресми мәліметтер бойынша, науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау және бақылау деңгейі 64,4%-ды құрап отыр.
Еске сала кетейік, Эбола індетінің өршуі 15 мамырда елдің шығысында және Угандада басталған болатын. Аурудың таралу ошағы әлі де Итури провинциясы болып отыр.
Мазмұнға өту
