Categories Қаржы

Колледждерге құжат қабылдау 25 маусымнан басталады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Елімізде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау 25 маусымнан басталады. Биылғы оқу жылына колледждерге 140 мың орын бөлінген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Талапкерлер құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғайтылған.

Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде өткізіледі. Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер колледждерге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізіледі. Сондай-ақ колледждерге қабылдау кезінде Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота қарастырылған. Бұйрықтың толық мәтінімен «Әділет» құқықтық ақпараттық жүйесі арқылы танысуға болады.

Ұқсас жазбалар

Шекара маңында жанар-жағармай тасымалына бақылау күшейтілді

Елімізден жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығарудың алдын алу үшін шекара маңындағы аймақтарда патрульдік полицияның 59 бекеті…

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасының бағамы жарияланды.

Қазақстан мен Ауғанстан сауда айналымын $3 млрд-қа жеткізуді көздейді

Қазақстан мен Ауғанстан сауда айналымын $3 млрд-қа жеткізуді көздейді. Бүгін Кабулда бизнес форум ашылып, екіжақты…