Әлем

Көшпелілер ойынында бүркіт милиционерге шабуыл жасады

Сурет: Номад

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында құсбегілік жарысы кезінде қолға үйретілген бүркіт тәртіп сақшысына шабуыл жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

NEXTA Live Telegram-арнасында жарияланған видеоға сүйенсек, құс милиционерді жерде қозғалыссыз жатқан олжа деп қате түсініп, оған тап берген.

Кадрларда тәртіп сақшысының бүркіттің кенеттен жасаған шабуылына тойтарыс бергені көрінеді.

Сондай-ақ бүгін ойындарда Аружан Ықсан жамбы атудың «мажар» стилінен күміс, ал асықшылар ордо ойынынан қола жүлдеге ие болды.

Көп оқылғандар