Сурет: istockphoto.com
«Заңсыз келуші – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзған 77 шетелдік азамат сот шешімімен елден шығарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара барысында полиция көші-қон заңнамасын бұзудың 293 дерегін анықтады. Сонымен қатар, шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектесті деген күдікпен үш қазақстандық пен бір шетелдік ұсталды.
«Шетел азаматтарын тиісті рұқсатсыз жұмысқа тартқан 15 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектесті деген күдікпен үш Қазақстан азаматы мен бір шетелдік ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ мемлекетаралық іздеуде жүрген төрт адам ұсталды. Олардың бірі – Қазақстан азаматы, үшеуі – ТМД елдерінің азаматтары», делінген хабарламада.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері елден заңсыз жанармай әкетпек болған 195 шетелдікті анықтағаны хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
