Көктемгі әскерге шақыру науқаны: 21 мыңнан астам жас сарбаз болады

Сурет: Қорғаныс министрлігі

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Президент Жарлығына сәйкес, 17 наурыз бен 30 маусым аралығында 21 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы науқанда Батыс Қазақстан облысынан да жүздеген жас жігіт әскерге аттанады. Олардың дені Қарулы күштердің әртүрлі бөлімдеріне жіберіледі.

«Әскерге шақыру – әрбір азаматтың парызы. Біз жастардың әскери дайындықтан өтуіне барлық жағдайды жасап жатырмыз», – дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері.

Шақырылғандардың тізімі жергілікті әкімдіктер мен әскери комиссариаттар арқылы жасақталады. Әрбір үміткерге жеке хабарлама жіберіледі.

Науқан маусым айының соңына дейін жалғасады. Күзде кезекті шақыру жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы марафонға әлемнің 30 елінен қатысушы келеді

7 маусымда Астанада бесінші рет Astana Half Marathon өтеді. Биылғы ең ауқымды жарысқа әлемнің 30-дан…

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…