Шартарап

«Кітап оқитын ұлт» жобасы: 5 млн қазақстандық кітапқа қалай үйір болды?

Биыл «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 5 миллионнан астам адам кітап оқуға тартылды. Ұлттық кітап күні қарсаңында жарияланған нәтиже көңіл қуантады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоба бойынша республика бойынша 3 мыңға жуық іс-шара өткізілген. Оған мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер мен еріктілер белсенді қатысқан.

«Ең бастысы, халықтың кітапқа деген қызығушылығы артты. Әсіресе ауылдық жерлерде кітапханаларға барушылар саны екі есеге өсті», – дейді жоба үйлестірушісі Айгүл Серікқалиева.

Жоба аясында 100-ден астам жаңа кітапхана ашылып, 500 мың кітап тегін таратылған. Енді ұйымдастырушылар бұл бастаманы жыл сайынғы дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.

Көп оқылғандар